Қазақстандық өнерпаз Кореядағы K-pop фестивальге қатысты

0
1 128

Фестивальге қатысу үшін жерлесіміз үш іріктеу кезеңінен өтті.


Қазақстандық өнерпаз Кореядағы K-pop фестивальге қатысты

ERNUR.KZ. Қазақстандық өнерпаз корей музыкасының дүниежүзілік фестивалінде өнер көрсетті. Еліміздің атынан сайысқа Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Алена Тё қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алена Чангвондағы стадионда он бес мың көрерменнің алдында арнайы қойылым көрсетті. Фестивальге қатысу үшін жерлесіміз үш іріктеу кезеңінен өтті. Жарысқа жолдама алу үшін 84 елдің өкілдері бақ сынады. Алена Тё он үш жасынан бастап корей тілі мен мәдениетін үйренуде. Оның айтуынша, Кей-поп жанрының арқасында ол өз бойындағы сенімсіздіктен арылып келеді.

- Мен Чонха әншінің «Он екі сағат» деген әнін таңдадым. Өзім жақсы өнер көрсеттім деген ойдамын. Өкінішке орай, жүлде ала алмадым. Бірақ осы сайысқа қатысу мен үшін үлкен тәжірибе болды, - ltql3 дүниежүзілік корей музыка фестиваліне қатысушы Алена Тё.