Қазақстандық стрит-арт шебері Мәскеуде зәулім үйдің біріне ерекше сурет салды

0
2 388

800 шаршы метр болатын қабырғаға 500 литр тегістегіш сұйықтық пен 700 литр бояу керек.


Қазақстандық стрит-арт шебері Мәскеуде зәулім үйдің біріне ерекше сурет салды

ERNUR.KZ. Қазақстандық стрит-арт шебері Мәскеуде зәулім үйдің біріне жәндіктерді бейнелеп, ерекше сурет салды, деп жазады 24.kz.

Жоба стрит-арт фестивалі аясында ұйымдастырылды. Мәскеуліктер үй қабырғаларын бояу өнеріне қандай баға берді?

"Мәскеудің Жаңа Трехгорка ауданы әлемдік деңгейдегі өнер алаңына айналды. Мұнда қылқалам шеберлері көп қабатты үйлердің қабырғаларына сурет салды. Бұл әлемдегі ең ірі Mural Fest, яғни ғимарат қабырғаларын сәндеу шарасы. Оған дүниежүзінің 26 елінен 80-ге жуық шебер қатысып, 50-ден астам қабырға безендірілді. Мына алып құмырсқалар қазақстандық суретші Паша Кастың туындысы. Автор бұл шығармасы Мәскеудегі өмірді құмырсқаның илеуіне ұқсатудан туындағанын айтады" - дейді тілші Дана Нұржан.

"Паша өз картинасында қарапайым жолмен өзекті мәселені көтерген. Оның туындысына зер салсаңыз, адамдардың тұрмыс-тіршілігін құмырсқаның илеуіне ұқсатуға болады" - дейді Urban Morphogenesisарт фестивалінің ұйымдастырушысы Дмитрий Левочкин.

Муралдарды салу тәуекелі жоғары әрі шығыны көп жұмыс. Мысалы, 800 шаршы метр болатын қабырғаға 500 литр тегістегіш сұйықтық пен 700 литр бояу керек.

Дегенмен, суреттердің тұрғындар көңілінен шыққаны анық.

"Қазір қызықты болды. Әйтпесе, үйлердің бәрі сұр түсті еді. Мынау өте әдемі. Суреттер жоқта қабырғалар тартымсыз болатын Қаланың сәнін ашып, таңғажайып көрініс тудырған бұл суреттер көктемге дейін тұрады. Кейін қабырғаларды қайта сырлайтын болады" - дейді тұрғындар.