Қазақтар қоныстанған аймақта су алған үйдің саны 530-ға жетті

0
1 336

Арнайы комиссиясының қорытындысына сәйкес, көптеген отбасылардың үйлері тұруға жарамсыз болып қалған. Апат салдарын жою жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатыр.


Қазақтар қоныстанған аймақта су алған үйдің саны 530-ға жетті

ERNUR.KZ. Моңғолияның қазақтар көп қоныстанған Баян-Өлгей аймағында нөсер жаңбыр салдарынан су басқан үйдің саны 530-ға жетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Фото: montsame.mn

Агенттіктің хабарлауынша, қазіргі кезде 530 үйді қызыл су алып кеткен. Үйсіз қалған 2512 тұрғын аймақтағы балабақша мен мектептердің ғимараттарына орналастырылып жатыр.

Арнайы комиссиясының қорытындысына сәйкес, көптеген отбасылардың үйлері тұруға жарамсыз болып қалған. Апат салдарын жою жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатыр.

Елдің төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті табиғат апатының шығындарын есептеп, үйсіз қалғандарға көмектесуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін біз Баян-Өлгей аймағында нөсер жаңбырсалдарынан 275 үйді су алғаны белгілі болған.