Кесар тілігі ашылып кеткен әйел дәрігерлер келгенше ішек-қарынын қолымен ұстап отырған

0
1 664

Босанғаннан кейін басынан өткен сұмдық жайт туралы қорқынышпен еске алды


Кесар тілігі ашылып кеткен әйел дәрігерлер келгенше ішек-қарынын қолымен ұстап отырған

ERNUR.KZ. Ұлыбритания тұрғыны босанғаннан кейін басынан өткен сұмдық жайтты айтып берді. Кесар тілігі ашылып кеткен әйел ішек-қарынын қолымен ұстап отыруға мәжбүр болды, деп жазады sputniknews.

Кесар тілігін жасағаннан кейін бес күн өткен соң Мел Бремнер душқа түсіп жатады. Су сабынды алайын деп еңкейе бергенде, қарнындағы тігісі сөгіліп кетіп, ішек-қарыны ақтарылып, түсе бастаған. Қолымен ұстап үлгерген ол күйеуін көмекке шақырады. Ер адам әйелді диванға отырғызып, сүлгі береді де, жедел жәрдемге хабарлайды.

Мел дәрігерлерді күтіп отырғанда түсірілген суретін де жариялапты.

"Мына суретке қарасам, ішек-қарынымды өз қолыммен ұстап отырғаным еске түседі, — деп жазады ол. – Кәдімгідей бүлкілдеп тұрды. Сұмдық еді".

Бремнерді тез арада ауруханаға апарып, қайта ота жасаған. Ол екі күннен кейін үйіне оралды. Мамандардың айтуынша, жіп қысқа болғандықтан немесе дұрыс байланбағандықтан, тігіс тарқатылған болуы мүмкін.