​«Хаябуса-2» кемесі үш жылдан кейін астероидқа жетті

0
1 041

Араға үш жыл салып «Хаябуса-2» кемесі астероидқа жетті.


​«Хаябуса-2» кемесі үш жылдан кейін астероидқа жетті

ERNUR.KZ.Жапонияның «Хаябуса-2» кемесі үш жылдан кейін астероидқа жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Араға үш жыл салып «Хаябуса-2» кемесі астероидқа жетті. Бұл туралы Жапония ғарыш агенттігі мәлімдеді.

Ресми деректерге сәйкес, құрылғы ғарыш денесінен 20 шақырым, ал Жерден 280 миллион шақырым қашықтықта тоқтаған. Ол жолда шамамен 3 миллиард шақырым қашықтықты жүріп өткен.

«Хаябуса-2» кемесіне жүктелген міндет – астероидтың тас қиыршықтарын Жерге жеткізу. Жерге жеткізілген тастар арқылы зерттеушілер бұл «қыдырмашының» құрылымын анықтайды.

2017 жылы «Хаябуса» кемесі «Итокава» атты астероидке жетіп, әлемді дүр сілкіндірген болатын. Бұл кеме түрлі қиындықтарға қарамастан, Жерге астероидтың тас кесектерін алып оралды. Осыдан кейін зерттеушілер мен инженерлер «Хаябуса-2» кемесін көбірек тас үлгілерін әкелуіне қабілетті етіп жабдықтады. Автоматтандырылған планетааралық станция келесі жылдың соңында Жерге оралады деп жоспарланған.