Ким Чен Ын Дональд Трамппен кездесу үшін Вьетнамға келді

0
1 112

АҚШ пен Солтүстік Кореяның екінші саммиті сәрсенбі мен бейсенбі күндері өтеді.


Ким Чен Ын Дональд Трамппен кездесу үшін Вьетнамға келді

ERNUR.KZ. Ақпанның 26-сы күні Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу үшін Вьетнамға келді. Ұшақты ұнатпайтын басшының пойызы Қытаймен шекарадағы Лонг-Сон провинциасының Донг-Данг станциясына келді. Оны Вьетнамның жоғары лауазымды қызметкерлері қарсы алды, деп жазады azattyq.org.

Салтанатты кездесуден кейін Ким Чен Ын көлікке отырып Донг-Дангтан 170 шақырым жердегі Вьетнам астанасы Ханойға кетті.

АҚШ пен Солтүстік Кореяның екінші саммиті сәрсенбі мен бейсенбі күндері өтеді. Бұл сегіз ай бұрын Сингапурда өткен Трамп пен Кимнің тарихи кездесуінен кейінгі екінші бас қосуы. Кездесу нәтижесінде Солтүстік Кореяның ядролық қарусыздандыру мәселе шешілуі тиіс.