Коронавирус: Баян-Өлгийде Қазақстаннан барған бір азамат күдікке ілінді

0
1 063

Күдікті азамат 21 жаста. Нұр-Сұлтан, Павлодар бағыты бойынша келген.


Коронавирус: Баян-Өлгийде Қазақстаннан барған бір азамат күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында Қазақстаннан барған бір азамат коронавирус жұқтырды деген күдікпен карантинге жатқызылды, деп жазады baq.kz.

Қазақстан Республикасынан наурыздың 14-і күні Цагааннуур шекара бекеті арқылы өткен бір азаматтан коронавирус індеті анықталды деген күдікпен карантинге жатқызылды. Күдікті азамат 21 жаста. Нұр-Сұлтан, Павлодар бағыты бойынша келген. Қазір ол кісімен бірге келген адамдар оқшауланды. Дене қызуы 38-39 градус болып тұр. Денсаулық сақтау ұйымы күдікті азаматтан тест алып, Ұланбатыр қаласындағы сараптама орталығына жіберді - делінген хабарламада.
Осы жағдайға байланысты Баян-Өлгий аймағының әкімшілігі күдікті адамның нәтижесі анықталғанша Баян-Өлгийге кіретін, шығатын автожолдың барлығына шектеу қойды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі жағдайбойынша Қазақстанда 8 адамнан коронавирус жұқтырғаны анықталды. Осыған орай бүгін ел президенті бір айға төтенше жағдай жариялады.