Коронавирус: «Британдық штамм» тағы да мутацияға ұшырады

0
2 444

Бұл мутация қолданыстағы вакциналарды тиімсіз етуі мүмкін.


Коронавирус: «Британдық штамм» тағы да мутацияға ұшырады

ERNUR.KZ. Британ ғалымдары Ұлыбританияда анықталған коронавирустың «британдық штамы» жаңа генетикалық өзгерістерге ұшырайды деп алаңдаулы, деп жазады ҚазАқпарат.

Ғалымдардың айтуынша, бірқатар пациенттердің жақында жүргізілген талдаулары «оңтүстікафрикалық» және «бразилиялық» штамдарда кездесетін тағы бір мутация – E484K белгілерін көрсетті.

Бұл мутация қолданыстағы вакциналарды тиімсіз етуі мүмкін, бірақ әзірге иммунизация жоспарланған түрде жүргізілуі керек дейді мамандар.

Ұлыбританияда үйді-үйге Covid-19 тест жиынтықтарын тарату науқаны басталды

Ұлыбритания билігі қазірдің өзінде бірқатар шаралар қабылдады, атап айтқанда, Covid-19 жаппай тестілеу науқаны басталды. Шара барысында арнайы бригадалар вирустың соңғы нұсқалары анықталған аудандардағы үйлерді аралап, адамның ауру белгілері бар-жоғына қарамастан сынақтар жүргізеді. Бірінші кезеңде елдің сегіз ауданында 80 мың адамды сынақтан өткізу жоспарлануда.

Британ билігінің айтуынша, бұл қадам жаңа, аса жұқпалы саналатын оңтүстікафрикалық штаммның таралуын бақылауға көмектеседі.

Еске салсақ, коронавирус мутациялана бастағаны туралы және жаңа вирусқа 20A.EU1 деген атау берілгені туралы хабарладық. Ал қазақстандық белгілі ғалым Алмаз Шарман к оронавирус бір айда кемінде екі рет мутацияға ұшырайтындығын айтты.

Жылпы коронавирустың британдық штамы әлемнің көптеген елдерінде анықталды. Ол жайлы не білуіміз керек. Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, британдық коронавирус штамы біздің елде тіркелген жоқ.