Италияда “жасыл рұқсатты” алу үшін коронавирус инфекциясын қасақана жұқтырған антиваксер көз жұмды.
ERNUR.KZ. Ол арнайы ковидтік кешке қатысқан, деп жазады inbusiness.kz.
Бұл орынға “жасыл рұқсатты” алу үшін COVID-19 инфекциясын әдейі жұқтыруды қалайтын адамдар жиналады. Independent басылымы мұндай тәжірибе Германия мен Австрияда кеңінен таралғандығын атап өтті.
Чехияда 60 жастан асқан адамдарға міндетті вакцинация енгізу туралы заң жобасы дайындалуда, деп хабарлады Премьер-министр Андрей Бабиш.
Сондай-ақ, кейбір кәсіп өкілдері, соның ішінде дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлер үшін міндетті екпелерді енгізу жоспарлануда.
Бірқатар елде коронавирус инфекциясына шалдығудың тәуліктік көрсеткіштері бойынша анирекорд тіркелді: Германияда 75 961, Нидерландыда – 23 789 дерек. Сонымен қатар Германияда пандемия кезінде коронавирустан қайтыс болғандар саны 100 мыңнан асты.