Коронавирустың таралу қаупі жоғары кезең аталды

0
786

Вирус жұқтырғаннан кейінгі бірінші аптаның өте қауіпті.


Коронавирустың таралу қаупі жоғары кезең аталды

ERNUR.KZ. Гонконг микробиологтары коронавирус жұқтырғандардың вирус жұқтырғаннан кейінгі бірінші аптада өте қауіпті екенін айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Гонконг ғалымдары вирус жұқтырған 37-75 жас аралығындағы 23 науқасқа зерттеу жүргізген. Зерттеу нәтижесі вирус жұқтырғаннан кейінгі бірінші аптаның өте қауіпті екенін көрсеткен.

"Вирус жұқтырған науқас бірінші аптада өте қауіпті, ол кезеңде вирус өте тез таралады. Ол вирус жұқтырғанын өзі де білмей қалады. Сондықтан да COVID-19 қазір әлем бойынша өте тез тарап жатыр", - дейді ғалымдардың бірі Келвин То.

Сол себепті ғалымдар науқастарға үйден көп уақыт шықпауға кеңес береді.