Вирустың жаңа нұсқасы, алдын-ала болжам бойынша, әдеттегіден 70 пайызға жұқпалы болуы мүмкін.
ERNUR.KZ. Оңтүстік Корея Ұлыбританиядан келген үш адамда коронавирустың жаңа штаммын анықтады. Кореялық Ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінде (KDCA) елдегі COVID-19 жаңа штаммымен ауыратын науқастар туралы айтты, деп жазады Stan.kz.
Коронавирустың жаңа түрімен ауырған жолаушылар Оңтүстік Кореяға 22 желтоқсанда келді деп хабарланды.
"22 желтоқсанда Ұлыбританиядан келген коронавирусты үш адамның материалдарына генетикалық талдау жасау барысында коронавирустың британдық типі табылды. Олар елге Лондонда тұратын отбасы ретінде кірді және тексеру кезінде олардан вирус анықталды. Қазір олар карантинде", - деді KDCA-да.
Сондай-ақ, қазір дәрігерлер Ұлыбританиядан келген төрт адамнан тұратын тағы бір отбасының биологиялық материалын тексеріп жатыр. Оларда да коронавирус анықталды.
Оңтүстік Кореяда тәулігіне 808 жаңа коронавирус ауруы тіркелді, барлығы 57 680 адам жұқтырды.
Желтоқсан айының ортасында Ұлыбританияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа мутациясы анықталды. Вирустың жаңа нұсқасы, алдын-ала болжам бойынша, әдеттегіден 70 пайызға жұқпалы болуы мүмкін, дегенмен, оның өлімге немесе аурудың ауыр түріне әкелетіні туралы әлі ештеңе белгісіз.
Коронавирустың бұл түрі сегіз елде табылған. Бірқатар мемлекеттер Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатты. Оңтүстік Корея 23 желтоқсанда Ұлыбританиямен рейстерді тоқтатты және сол елден келген барлық коронавирус анықталған науқастардың материалдарына генетикалық талдау жүргізеді.