Коронавирустың жаңа штамына байланысты Ирландия қатаң карантин жариялады

0
2 310

Мутацияланған вирусты жұқтыру жағдайлары Индонезия, АҚШ, БАӘ, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея, Нигерияда анықталды. ​


Коронавирустың жаңа штамына байланысты Ирландия қатаң карантин жариялады

ERNUR.KZ. Ирландия премьер-министрі Михал Мартин коронавирустың жаңа штамы ең жағымсыз болжамдардан асып түседі деп мәлімдеді, деп жазады тengrinews.kz.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта әлем зор жылдамдықпен таралатын COVID-19 штамымен айналысатыны анық.

"Біз әлдеқайда тез таралатын аурудың штамымен айналысатынымыз анық. Шын мәнінде, ол бізге белгілі пессимистік модельдерден жоғары қарқынмен таралады", - деді премьер.

Сондай-ақ, премьер-министр елдің денсаулық сақтау жүйесі аурудың тез таралуына байланысты шамадан тыс жүктеме шегінде екенін айтты. Осыған байланысты Ирландияда қатаң карантин шаралары енгізілді.

Мутацияланған вирусты жұқтыру жағдайлары Индонезия, АҚШ, БАӘ, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея, Нигерияда анықталды.