Көз жанарынан айырылған адамдарға көру қабілетін қайтаратын имплантат ойлап табылды

0
2 360

Импланлантаттың көмегімен алты соқыр адамға жартылай қайтадан көру қабілеті қайтарылған.


Көз жанарынан айырылған адамдарға көру қабілетін қайтаратын имплантат ойлап табылды

ERNUR.KZ. Ғалымдар көздері көрмейтін адамдарға көру қабілетін беретін әдісті ойлап тапты. Бұл туралы Техастағы Бейлор медициналық колледжінің ресми сайтында айтылған, деп жазады Stan.kz.

Нейрохирургия саласында жүргізілген зерттеулер бойынша, импланлантаттың көмегімен алты соқыр адамға жартылай қайтадан көру қабілеті қайтарылған. Көзілдірікке бекітілген видеокамера түсірген материалды мидың көру қыртысына бекітілген электродқа жібереді екен.

"Көптеген жылдар бойы біз мидың ақпаратты визуалды түрде қалай қабылдайтынын зерттедік. Сіз көру қабілеті жайлы ойланғанда екі көзіңізді есіңізге түсіресіз. Бірақ ақпараттың басым бөлігі мида жасалады", — деді зерттеу жетекшісі әрі нейрохирург Даниэль Йошор.

Протездік құрылғы туылғанынан көру қабілетінен айырылған адамдарда ғана жұмыс істейді.