"Көзін жоямын": Мектепте атыс шығарған бозбаланың соңғы жазбасы жарияланды

0
751

Ол мәлімдемесін Mash Telegram арнасында жариялаған.


ERNUR.KZ. Қазан мектебінде атысты ұйымдастырған 19 жастағы Ильназ Галявиев жаппай кісі қыратынын алдын ала ескерткен болып шықты, деп жазады zakon.kz.

Ол мұндай мәлімдемесін Mash Telegram арнасында жариялапты.

Болжам бойынша, атыс алдында Галявиев бірнеше мәлімдеме жариялаған.




"Құдай секілді менің құлдарым екендеріңді мойындағандарыңды қалаймын. Барлығын, мен не қалаймын, соның бәрін істеулерің керек. Әрқайсың 10-нан аса адамды жер жастандырып, өзіңнің де құрығаның жөн. Әлемде тірі жан қалмауы керек, бұл ғаламшардың қателігі", делінген бір жазбасында.

Тағы бір жазбасы:

"Бүгін көп биоқоқысты өлтіріп, өз-өзіме қол саламын".

11 мамырда Қазан қаласында білім беру мекемесіндегі атыс кезінде 11 адам қаза тапты.