Құрылысына 400 мың тонна болат жұмсалған көпір ашылды

0
1 222

Гонконгты құрлықпен жалғайтын көпір ашылды


Құрылысына 400 мың тонна болат жұмсалған  көпір ашылды

ERNUR.KZ. Қытайда Гонконгты құрлықпен жалғайтын әлемдегі ең ұзын көпір ашылды. Теңізге салынған көпірдің ашылу салтанатына Қытай төрағасы Си Цзиньпин қатысты, деп жазады Bag.kz.

Көпірдің ұзындығы 55 километр. Оны салу үшін он жылға жуық уақыт кеткен. Оған кірме жолдар, аспалы шағын көпірлер мен туннель салынған. Гонконг, Макао және Чжухай секілді қалаларды жалғайтын жаңа көпірмен бүгіннен бастап көліктер тұрақты жүре бастады.

Мамандар көпір құрылысына 400 мың тонна болат жұмсалғанын және көпірдің жер сілкінісі мен дауылдарға төзімді екенін айтады. Мұндай көлемдегі болатқа 60 Эйфель мұнарасын салуға болады екен. Көпір ортасында жасанды екі аралды жалғайтын суасты туннелі бар. Туннель кемелер Чжуцзян өзенінің сағасынан кедергісіз өту үшін салынған.