Ақшалар кем дегенде төрт апта жабық қорапта сақталмаса, айналымға жіберілмейді.
ERNUR.KZ. Кувейттің Орталық банкі коронавирустың таралуына жол бермеу үшін ақша купюраларын карантинде сақтайтын болды, деп жазады 24.kz.
Коронавирустың жұғу ықтималдығын төмендету үшін Кувейтте ақшалар кем дегенде төрт апта жабық қорапта сақталмаса, айналымға жіберілмейді.
Сонымен қатар Кувейт банк қызметкерлерінің де, халықтың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақшаны санау, сұрыптау және төлем құрылғыларын үнемі зарарсыздандырып отырмақ.