Оқыс оқиға 3 желтоқсанда түскі таман орын алған.
ERNUR.KZ. Қырғызстанның ҰҚК шекара қызметі Сомониен (ТР) ауылы арқылы қырғыздың Дахма ауылына бара жатқан қырғызстандықтар мен тәжік азаматтары арасында дүрдараздық орын алып, төбелестің арты атысқа ұласқанын жеткізді, деп жазады zakon.kz.
Оқыс оқиға 3 желтоқсанда түскі таман орын алған. Екі елдің азаматтары өзара сөзге келіп қалған. Жаудырылған бәйәдеп сөздерден кейін қос тарап жердегі тастарға қол созған.
"Жанжалдың шиеленісуіне жол бермес үшін әрі төбелесіп жатқандарды тарату мақсатында Қырғызстанның өзге бір азаматы аңшылық мылтықтан ауаға үш ескерту оғын атқан. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін Баткен және Исфара учаскелері бойынша Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара өкілдері деңгейінде кездесу өтіп жатыр", делінген хабарламада.
Салдарынан тәжікстан азаматы басы мен құлағынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.