Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті

0
919

​Сооронбай Жээнбеков үкімет пен премьер-министрді отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойғаны хабарланды.


Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті

ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков премьер-министр Кубатбек Бороновты отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл көрші елдің үкіметі толықтай отставкаға кетті дегенді білдіреді, деп жазады sputnik.kz.

Жарлыққа сәйкес, премьер-министр, бірінші вице-премьер-министр, вице-премьер-министрлер, үкімет мүшелері Қырғызстан үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін міндеттерін атқаратын болады, деп хабарлайды Қырғызстан президентінің ресми сайты.

Жарлық қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

Кубатбек Боронов отставкаға кетуге өзі өтініш білдіргені хабарланып отыр.