Бішкекте 66 нысан бүлінген, оның ішінде 26 әлеуметтік мекеме, 36 тұрғын үй, 4 шаруашылық ғимарат бар. Шу облысында 42 әлеуметтік нысан мен 42 тұрғын үйдің шатыры жұлынды.
ERNUR.KZ. Бір күн бұрын Қырғызстанның Бішкек, Шу және Талас облыстарында қатты жел салдарынан 10 адам жарақат алды, 154 нысан бүлінді, деп жазады inform.kz.
Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, таңғы сағат 8:30-дағы жағдай бойынша үш облыста 10 адам жарақат алып, 70 әлеуметтік нысан, 80 тұрғын үй және 4 шаруашылық ғимарат зақымданған.
Бішкекте 66 нысан бүлінген, оның ішінде 26 әлеуметтік мекеме, 36 тұрғын үй, 4 шаруашылық ғимарат бар. Шу облысында 42 әлеуметтік нысан мен 42 тұрғын үйдің шатыры жұлынды.
Қазіргі таңда жергілікті азаматтық қорғау қызметтері табиғи апаттың салдарын жою, материалдық шығынды анықтау және жедел шаралар қабылдау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұған дейін Бішкекте секундына 26 метр жылдамдықпен соққан қатты жел салдарынан қала әкімдігі төтенше жағдай жариялағаны хабарланған болатын. Бішкекте қатты желден 11 мектеп пен 8 балабақша бүлінді.