Қырғызстанда шетелдік студенттер үшін міндетті медициналық сақтандыру енгізілуі мүмкін

0
306

Құжаттың мақсаты – Қырғызстанда міндетті медициналық сақтандыруға тиімді қол жеткізу.


Қырғызстанда шетелдік студенттер үшін міндетті медициналық сақтандыру енгізілуі мүмкін

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

ERNUR.KZ. Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі «Мекен картасына» ие шетел азаматтығы бар отандастар мен шетелдік студенттер үшін міндетті медициналық сақтандыру енгізуді ұсынып отыр. Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің тиісті қаулысының жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп жазады inform.kz.

Құжаттың мақсаты – Қырғызстанда міндетті медициналық сақтандыруға тиімді қол жеткізу.

Түзетулерге сәйкес, «Мекен картасына» ие шетел азаматтығы бар отандастар Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда міндетті медициналық сақтандыру мәртебесін алуы тиіс. Сонымен қатар, білім мекемесі шетелдіктерді міндетті медициналық сақтандыру мәртебесіне ие болған жағдайда ғана қабылдауға және оқытуға міндетті.

Қырғызстанда түрлі себептермен (білім алу, жұмыс, әскери-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты) Қытай, Пәкістан, Ресей, Үндістан, Иран және басқа елдерден келген шетел азаматтарының саны жыл сайын артып келеді. Қазіргі таңда елде Қырғыз Республикасының білім беру ұйымдарында 30 мыңнан астам шетел азаматы білім алуда.

Шетелдік азаматтарға және Қырғыз Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын тұлғаларға міндетті медициналық сақтандыру мәртебесі болған жағдайда ғана медициналық және басқа қызметтерді көрсету азаматтардың осы санаты үшін міндетті медициналық сақтандыру жүйесімен қамтудың қолайлы деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.