Қытай әйелге ұқсайтын еркектерді теледидардан көрсетуге тыйым салды

0
969

Бірер күн бұрын ғана Қытай үкіметі кәмелет жасқа толмаған жеткіншектерге аптасына 3 сағаттан артық онлайн ойын ойнауға болмайтынын жария етіп, тыйым салған болатын.


Қытай әйелге ұқсайтын еркектерді теледидардан көрсетуге тыйым салды

ERNUR.KZ. Бет әлпеті қызға ұқсайтын еркектер телеарнадан көрсетілмеуі тиіс. Қытай билігі осыған тыйым салды, деп жазады baq.kz.

Енді телеарналар әдепсіз интернет жұлдыздарын дәріптеу және байлық пен атақ-даңқты насихаттаудан аулақ болуы қажет. Мұның орнына Қытайдың дәстүрлі мәдениеті мен социализмнің озық мәдениетін көрсетуге басымдық беріледі.

Айта кетейік, бірер күн бұрын ғана Қытай үкіметі кәмелет жасқа толмаған жеткіншектерге аптасына 3 сағаттан артық онлайн ойын ойнауға болмайтынын жария етіп, тыйым салған болатын.

Билік өкілдерінің айтуынша, бұл шара танымал адамдарға тым қатты еліктемеуге септігін тигізеді-мыс.