Қытай ғалымдары коронавирусты 1,5 сағатта анықтайтын құрылғы жасап шығарды

0
982

ҚХР дәрі-дәрмектерді бақылау жөніндегі мемлекеттік басқармасы оның тиімділігін растап, шығаруға рұқсат берген.


Қытай ғалымдары коронавирусты 1,5 сағатта анықтайтын құрылғы жасап шығарды

ERNUR.KZ. Чэнду қаласындағы CapitalBio биотехнологиялық компаниясы "Цинхуа" университеті және "Хуаси" медициналық институтымен бірлесе отырып реагент жинағын жасап шығарды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады, деп жазады baq.kz.

Бұл құрылғы диагностикалық жүйеде қолданылады. Сондай-ақ ол бір сәтте алты вирус түрін анықтай алады, оның ішінде коронавирусты да.

ҚХР дәрі-дәрмектерді бақылау жөніндегі мемлекеттік басқармасы оның тиімділігін растап, шығаруға рұқсат берген.

1.jpg

Аталған құрылғы арқылы вирусты анықтау үшін түрлі биоматереиалдың үлгісін алып тексерсе жеткілікті екен, яғни науқастың мұрыннынан немесе ауызынан сілекей алып тексереді. Ал нәтижесі 1,5 сағатта дайын болады екен.