Қытай билігі коронавирустан вакцина әзірлеу шығындарын ұлғайтуды жоспарлап отыр.
ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мен Қытай билігі COVID-19-бен күресу үшін қаражат жинаумен айналысатын қайырымдылық бағдарламасын іске қосты, деп жазады tengrinews.kz.
Қайырымдылық қоры Tencent Foundation, Alibaba Foundation, Alipay Foundation сияқты 20 қытайлық интернет платформа арқылы ақша жинайды. ДДҰ-ның бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус COVID-19 пандемиясымен жаһандық күресте көрсеткен қолдауы үшін CPWF қорын жоғары бағалады.
Сондай-ақ, Қытай билігі коронавирустан вакцина әзірлеу шығындарын ұлғайтуды жоспарлап отыр және қаржыландыруды арттыру мақсатында арнайы мемлекеттік облигациялар шығарады.
Бұған дейін Қытай ғалымдары 2500-ден астам еріктіге COVID-19-ға қарсы бес түрлі вакцинаны сынақтан өткізген. Сондай-ақ, Қытай коронавирустан зардап шеккен елдерге екі миллиард доллар бөледі.