Қытай мұздатылған импорттық азық-түлікті COVID-19 вирусына тексеруден бас тартты

0
658

Елдің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбинь Қытайдың COVID-19-ға қарсы әрекетін түзетуі жаһандық құн тізбегінің тұрақтылығын қамтамасыз ететінін атап өтті.


Қытай мұздатылған импорттық азық-түлікті COVID-19 вирусына тексеруден бас тартты
ERNUR.KZ Қытай мұздатылған және салқындатылған импорттық өнімдерді COVID-19 вирусына сынақтан өткізуді тоқтатады. Жаңа ережелер 2023 жылдың 8 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасының мәлімдемесінде айтылған, деп жазады ҚазАқпарат.


Ведомство мәлімдемесінде айтылғандай, 2023 жылдың 8 қаңтарынан бастап елдің шекаралық бақылау бекеттерінде барлық салқындатылған және мұздатылған импорттық өнімдерді COVID-19 вирусына тексеру тоқтатылады.

2020 жылы Қытай билігі коронавирустың таралу қаупін азайту үшін импорттық азық-түлікті бақылау жүйесін іске қосты. Қытайға әкелінген кезде коронавирусқа міндетті тестілеу арқылы мұндай өнімдердің бүкіл ел бойынша жеткізілу бағытын бақылайтын цифрлық платформа құрылған.

Елдің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбинь Қытайдың COVID-19-ға қарсы әрекетін түзетуі жаһандық құн тізбегінің тұрақтылығын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Бұрын хабарланғандай, коронавирусқа «мүлдем төзбеушілік» саясатынан шығу ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәлімдемесінен кейін орын алды. Онда 2023 жылғы 8 қаңтардан бастап COVID-19 классификациясы COVID-19 классификациясы енгізілгені туралы жұқпалы аурулар рейтингінде «А» санатынан «В» санатына дейін төмендейтіні атап өтілген.