Қытайда 25 баланы улаған балабақша тәрбиешісі өлім жазасына кесілді

0
988

Қылмысқа балабақшадағы әріптесімен жанжал себеп болған.


Қытайда 25 баланы улаған балабақша тәрбиешісі өлім жазасына кесілді

ERNUR.KZ. Қытайда әріптесінен кек алу үшін балабақша тәрбиешісі балаларды улап, салдарынан бір бала көз жұмған. Маман істеген қылмысы үшін өлім жазасын кесілді, деп жазады Stan.kz

Қылмысқа балабақшадағы әріптесімен жанжал себеп болған.

2019 жылдың наурыз айында Цзяозуо қаласындағы балабақшада жаппай тамақтан улану орын алды. Полицейлер мұғалім Ван Юнның мектеп жасына дейінгі балалардың ботқасына натрий нитритін қосқанын анықтады. Уланған балалардың бірі 10 ай емделгеннен кейін көз жұмды.

Ван Юн бірінші сатыдағы соттың үкімімен өлім жазасына кесілді. Кейіннен Қытай Халық Республикасының Жоғарғы халық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Ол 13 шілдеде өлім жазасына кесілді.

Жаппай уланудан кейін балабақша жабылды.