Қытайда автомагистраль опырылды: қаза тапқандар саны 24 адамға жетті

0
405

Тағы 30 адам ауруханаға жатқызылды.


Қытайда автомагистраль опырылды: қаза тапқандар саны 24 адамға жетті

ERNUR.KZ. Қытайда "Мэйда" автомагистралінің опырылуы салдарынан қаза тапқандар саны 24 адамға жетті, деп жазады sputnik.kz.

"20 көлік үйінді астында қалды. Тағы 30 адам ауруханаға жатқызылды, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деп мәлімдеді жергілікті билік.
Мэйчжоу қаласы үкіметінің мәліметінше, трагедия сәрсенбі күні түнгі сағат 2:10 шамасында Мэйчжоу қаласындағы тасжолда болған, 184,3 шаршы метр аумақ опырылған.
Жоғарыдан түсірілген фотосуреттен жылдам автомагистралдің бір шеті опырылып, көліктердің төмен қарай құлап кеткенін көруге болады.
"Оқиға орнында қауіпті химиялық заттарды тасымалдайтын ірі көліктер болған жоқ", - дейді шенеуніктер.