Ал ауру жұқтырған азаматтар саны 1 287-ге жеткен, 200-ден астам науқас ауыр халде жатыр екен.
ERNUR.KZ. Қытайда коронавирустың жаңа түрімен ауырғандар саны артып барады. Соңғы мәліметке сай, вирусты 1 287 адам жұқтырған, олардың 41-і көз жұмған, деп жазады Sputnik Қазақстан.
"24 қаңтардың түніндегі жағдай бойынша, 29 провинция мен қалада 1 287 пневмония жұқтыру фактісі тіркелген. Олардың 237-і ауыр халде жатыр, ал 41 адам қайтыс болды", - делінген ақпаратта.