Қытайда құс тұмауының штамын алғаш жұқтырған адам анықталды

0
636

Мамандар "Эйч 3 Эн 8" штамы бұған дейін құс, жылқы мен иттен анықталғанын, бірақ адамға ешқашан жұқпағанын алға тартады.


Қытайда құс тұмауының штамын алғаш жұқтырған адам анықталды

ERNUR.KZ. Қытайда құс тұмауының H3N8 штамын алғаш жұқтыр науқас Хэнань провинциясында тұратын 4 жастағы ұл бала болып шықты, деп жазады 24.kz.

Дәрігерлер ол вирусты сәуірдің басында үй құсынан жұқтырып алғанын айтады. Кейін халі нашарлаған бала ауруханаға түскен.

Індет басқа ешкімге берілмеген. Мамандар "Эйч 3 Эн 8" штамы бұған дейін құс, жылқы мен иттен анықталғанын, бірақ адамға ешқашан жұқпағанын алға тартады.