Қытайда шахта құлап, 53 адам жоғалып кетті

0
630

Айта кетейік, кеше мұнда кең ауқымды шахта құлап, екі адам қаза тауып, 53 жұмысшы жоғалып кетті.


Қытайда шахта құлап, 53 адам жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Қытайдың Ішкі Моңғолия аймағында құтқару операциясы лай көшкініне байланысты президент Си Цзиньпиннің бұйрығымен тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz.

Айта кетейік, кеше мұнда кең ауқымды шахта құлап, екі адам қаза тауып, 53 жұмысшы жоғалып кетті. Оларды құтқаруға 230 адам, 41 машина және 6 ит жіберілді. Құтқарушылар саны 500-ге жуықтауы мүмкін.

Ішкі Моңғолия – Қытайдың ең ірі көмір өндіруші аймақтарының бірі. Отын бағасын төмендету үшін мұнда кейінгі кездері жұмыс қарқыны арттырылған.