Қытайда тағы бір ауру шықты: Жаңа вирус бір адамның өмірін қиды

0
1 194

Қазіргі таңда хантавирустың емі жоқ.


Қытайда тағы бір ауру шықты: Жаңа вирус бір адамның өмірін қиды

ERNUR.KZ. Қытайда хантавирус инфекциясынан көз жұмған алғашқы адам анықталды, деп жазады Stan.kz.

Юньнань провинциясының тұрғыны автобуста кетіп бара жатқанда оның жағдайы күрт нашарлапты. Дәрігерлер азаматтың хантавирустық кардиопульмалды синдромға шалдыққанын анықтаған.

Бұл аурудың тууына хантавирус деп аталатын инфекция себепші екен. Марқұммен бірге автобуста кетіп бара жатқан 32 жолаушы карантинге жабылыпты.

Аталмыш аурудың негізгі таратушылары кеміргіштер болып табылады. Сонымен қатар вирус ауамен тез таралып, тыныс алу жолдарына зақым келтіреді. Бұл індетке кез келген адам тап болуы мүмкін.

Алғашқы белгілері: бас ауруы, әлсіздік, жөтел, ас қорытудың бұзылуы, жүрек айну. Қазіргі таңда хантавирустың емі жоқ көрінеді.