Қытайда жаңа туған сәбиден коронавирус анықталды

0
1 029

Нәресте дүниеге келген соң 30 сағаттан соң жаңа коронавирус инфекциясына тексерілді.


Қытайда жаңа туған сәбиден коронавирус анықталды

ERNUR.KZ. Сәрсенбі күні Қытайдың Ухан қаласында (Орталық Қытай, Хубэй провинциясы) туған шақалақтың коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бала дүниеге келген соң 30 сағаттан соң жаңа коронавирус инфекциясына тексерілді. Осы уақытта анасының талдауы коронавирусқа оң нәтиже берді. Нәресте Ухандағы мамандандырылған балалар ауруханасында бақылауда, оның жағдайы тұрақты деп бағаланды. Қытайлық дәрігерлер «инфекцияның анадан балаға тікелей берілу» ықтималдығын қарастыруда. Соңғы деректер бойынша (5 ақпан күні сағат 24:00-дегі жағдай бойынша) 28 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырғаны расталды, оның 563-і қайтыс болса, 1 153-і ауруханадан шығарылды. Соңғы тәулікте 3 694 адамға ауру жұққаны анықталған. Олардың 73-і қайтыс болған (Хубэй провинциясында-70, Хэйлунцзянда – 1, Гуйчжоуда - 1, Тяньцзиньда -1). 261 адам ауруханадан шықты. Қазіргі уақытта 24 мыңнан астам адам коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен тіркеуде тұр, 186 мыңы медициналық бақылауға алынған.