Үш айдан бері туыстарымен хабарласпаған
ERNUR.KZ. Қытайда ең көп сұранысқа ие актриса - 37 жастағы Фань Бинбин жоғалып кетті. Ол үш айдан бері туыстарымен хабарласпаған және онлайн шықпаған, деп жазады tengrinews.kz.
Актриса телефонға жауап бермейді, әлеуметтік желіге шықпайды. Оның қайда және тірі ме, жоқ па екені белгісіз. "Мұнша табынушысы, табысы, салмақты беделі бар адамның 2018 жылы, заманауи Қытайда - ашық Қытайда жоғалып кетуі, шын мәнінде бұл үлкен проблема", - деді колумнист Ши Шуси.
Журналистер актрисаның жоғалып кетуіне қатысты түрлі нұсқаны айтып жатыр. Олардың кейбірі Фань Бинбин салық төлеуден жалтарып жүр десті. Оның салық төлемегені биыл жазда белгілі болған.
Го Венгюй актрисаның қытай вице-президенті Ван Цишанмен жақын қарым-қатынаста екенін мәлімдеген. Алайда бұл мәлімдеме актрисаға ұнамай, ол миллиардерді сотқа берген, іс әлі де жабылған жоқ.