Қытайлар ғасырдан ұзақ шыдайтын көпір салды

0
992

Көпір 120 жыл қызмет етеді деп жоспарланған, егер оны жақсы пайдаланатын болса 150 жылға жеткізуге болады.


Қытайлар ғасырдан ұзақ шыдайтын көпір салды

ERNUR.KZ. Гонконг-Макао-Чжухай арасын жалғап тұрған жаңа көпір көлік қозғалысынан түсетін қаражат арқылы өзін-өзі ақтайды деу қиын, қазіргі уақытта көпірді пайдалану бойынша жаңа бағдарламалар әзірленіп жатыр. Бұл туралы көпірдің бас инженері Ли Цзян мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Кірістер - құрылысқа кеткен шығынды өтей алмайды, сол себепті біз жаңа саясатты енгізбекпіз, осы көпірдің брендке айналғанын пайдаланып, туризмді дамытуға үлес қосатын болады", - деді ол.

Инженердің айтуынша, туристер үшін шығыс жасанды аралы ашылады. Көпір 120 жыл қызмет етеді деп жоспарланған, егер оны жақсы пайдаланатын болса 150 жылға жеткізуге болады екен. Үш қаланы байланыстырып отырған 55 шақырымдық көпір былтыр күзде ашылған еді.

Ол әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі ретінде тіркелген. Гонконг пен Гуандун провинцияларының арасына көпір салу ойы 1980 жылдардың соңында басталған, алайда құрылыс жұмыстары 2009 жылы басталған. Енді Гонконгтан Чжухайға баратын жол үш сағат емес, небәрі жарты сағат кетеді. Көпір салуға 18,8 миллиард доллар инвестиция тартылған.