Қытайлық ғалымдар II типтегі қант диабетіне шалдыққан науқасты емдеп шықты

0
402

Дәрігерлер 59 жастағы науқасқа инновациялық жасуша трансплантациясын жасаған.


Қытайлық ғалымдар II типтегі қант диабетіне шалдыққан науқасты емдеп шықты

ERNUR.KZ. Қытайлық ғалымдар алғаш рет II типті қант диабетіне шалдыққан адамды емдеп шықты, деп жазады stan.kz.

Дәрігерлер 59 жастағы науқасқа инновациялық жасуша трансплантациясын жасаған. Осылайша ол дерттен айыққан екен.

Деректерге сүйенсек, бұл ота 2021 жылы жасалған. Отадан соң науқас инсулин мен өзге дәрілерді ішуді қойған. Қытайлық азаматтың денсаулығы қазір жақсы.

Ғалымдар клиникалық зерттеу жүргізіп, қант диабетімен ауыратын өзге де адамдарды емдеуді жоспарлаған. Олар жасушалық терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін растаймыз дейді.

Еске салсақ, "қант диабетінен 400 миллиард теңгеден аса шығын келеді" деген депутат тәтті сусындарға салық енгізу мәселесін қайта қарауға шақырған еді.