Қытайда Трамптың "ядролық чемоданының" кесірінен жанжал туындаған

0
984

АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайға іссапары кезінде "ядролық чемоданның" кесірінен екі елдің қауіпсіздік қызметі өкілдерінің арасында қақтығыс болған, - деп хабарлайды Sputnik xios америкалық басылымына сілтеме жасап.


Қытайда Трамптың

фото: reuters

АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайға іссапары кезінде "ядролық чемоданның" кесірінен екі елдің қауіпсіздік қызметі өкілдерінің арасында қақтығыс болған, деп хабарлайды Sputnik xios америкалық басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, төбелес былтыр 9 қарашада болыпты.

АҚШ президенті Қытай басшылығымен келіссөздер залына кіргенде, әдетте Трамппен бірге жүретін, "ядролық чемодан" ұстаған қауіпсіздік қызметкері де бірге кірмек болады.

Алайда Қытай қауіпсіздік қызметінің өкілі оны кіргізбей, америкалық делегация мүшелері Ақ үй аппаратының басшысы Джон Келлиді шақырады. Келли "біз кіреміз" деп кесіп айтып, залға қарай беттейді.

"Кейін у-шу болып кетті. Қытай офицері Келлиді ұстап қалды, бірақ Келли оның қолын қағып жіберген, содан кейін АҚШ Құпия қызметінің агенті қытай қызметкерін ұстап, жерге алып ұрды", — деп жазады басылым.

Басылымда айтылғандай, осы оқиға кезінде Қытай тарабының өкілдері "ядролық чемоданға қолының ұшын да тигізе алмаған".