Жарылыстан көз жұмғандар саны 78-ге жетіп, 4 мыңнан астам адам жарақат алған.
Ливан премьер-министрі Хассан Дияб 78 адам қаза тапқан Бейрут портындағы жарылыстың себебін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
Премьер-министрдің сөзінше, жаралысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасын дұрыс сақтамау себеп болғанын.
"Мен болған жағдайға жауапты адамды тауып, оған қатаң жаза тағайындамағанша тышышталмаймын. Себебі салмағы 2750 тонна болатын аммиак селитрасының партиясы 6 жыл бойы қоймада сақталған және азаматтардың өміріне қауіп төндіретін шараның алдын алу үшін тиісті шаралар қабылданбаған", - деді Хассан Дияб.
Еске салайық, 4 тамыз күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттегі теңіз портының базасында жойқын жарылыс болды. Жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарда терезелері шағылды.
Айта кетейік, Ливанның денсаулық сақтау министрлігі Бейруттегі жарылыстан қаза болғандар туралы соңғы деректерді келтіріп өтті. Ведомствоның мәліметінше, оқиға салдарынан көз жұмғандар саны 78 адамға жеткен. 4 мыңнан астам адам жарақат алған.
Lebanon: Another video of Beirut Explosion pic.twitter.com/9AJO7Agh1c
— Amichai Stein (@AmichaiStein1) August 4, 2020