Ливия жағалауында Еуропаға өтпек болған 75-тен астам босқын суға батып кетті

0
1 035

Аман қалған тағы 15 адамды балықшылар құтқарып, Зувара қаласына жеткізген.


Ливия жағалауында Еуропаға өтпек болған 75-тен астам босқын суға батып кетті

ERNUR.KZ. Ливия жағалауында Еуропаға қайықпен бара жатқан 75-тен астам мигрант суға батып кетті, деп жазады ulysmedia.kz

ria.ru-дың мәліметінше, Еуропаға қайықпен бара жатқан 75-тен астам мигрант Жерорта теңізіне Ливия жағалауында батып кеткені туралы хабарламаны Халықаралық көші-қон ұйымының жергілікті кеңсесі жариялады.

Аман қалған тағы 15 адамды балықшылар құтқарып, Зувара қаласына жеткізген. Ұйымның мәліметінше, биыл Жерорта теңізінде 1,3 мыңнан астам босқын қайтыс болған.

Еске сала кетсек, 2011 жылы Ливия басшысы Муаммар Каддафи өлтірілгеннен кейін Ливия іс жүзінде біртұтас мемлекет ретінде жұмысын тоқтатты. Сонымен бірге қазір ел Еуропаға кіруге ұмтылған заңсыз мигранттардың транзиттік нүктесіне айналды.