Ливиядағы су тасқыны: 500-ден астам адам үйінді астынан құтқарылды

0
857

Дерна қаласында құтқару топтары кешелі бері жұмыс істей бастаған.


Ливиядағы су тасқыны: 500-ден астам адам үйінді астынан құтқарылды

ERNUR.KZ. Ливияның солтүстік-шығысында толассыз жауған жаңбыр мен су тасқыны салдарынан айрықша зардап шеккен Дерна қаласында ғимарат қирандыларының астынд қалған 500-ден астам адам құтқарылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы штаб-пәтері Триполиде орналасқан Ұлттық бірлік үкіметінің денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

«Дерна қаласында құтқару топтары әзірге үйінділер астынан 510 адамды құтқара алды», - деп хабарлады елдің денсаулық сақтау министрлігі.

Су тасқыны кезінде Дернаға кіретін бірнеше жол жабылып қалған болатын. Жолдар тазартылғаннан кейін құтқару топтары мен азаматтық қорғаныс бөлімшелерінің кешелі бері жұмыс істей бастағаны атап өтілді.

Ливияның солтүстік-шығыс аймақтарында болған жаңбыр мен су тасқынынан қаза тапқандар саны 8 мыңнан асты.