Лондонда лаңкестікке қатысы бар деген күдікті түрмеден қашып кетті

0
535

Лаңкестік әрекеттерге қатысы бар және барлау ақпараттарын заңсыз жинаған деп айыпталған бұрынғы әскери қызметкер Дэниел Абед Халифе сәрсенбі, яғни 6 қыркүйек күні қашып кетті.


Лондонда лаңкестікке қатысы бар деген күдікті түрмеден қашып кетті

ERNUR.KZ. Терроризмге қатысы бар деп күдікке ілінген бұрынғы әскери қызметкер Лондондағы Уондсворт түрмесінен аспаз кейпіне еніп қашып кетті. Оны полицейлер екінші күн қатарынан іздестіріп жатыр, Ұлыбритания әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп жазады zakon.kz.

Лондондағы Уандсворт түрмесінен терроризмге қатысы бар деген күдікті қашып кеткеннен кейін Ұлыбританияда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Лаңкестік әрекеттерге қатысы бар және барлау ақпараттарын заңсыз жинаған деп айыпталған бұрынғы әскери қызметкер Дэниел Абед Халифе сәрсенбі, яғни 6 қыркүйек күні қашып кетті.
Халифе түрме асханасында жұмыс істеп жүрген, ол аспаз киімін киіп, Уандсвортқа тамақ жеткізетін жүк көлігіне жабысып қашып кетті. Күшейтілген қауіпсіздік ескертуі дереу Лондондағы және оның айналасындағы ірі әуежайлар мен теңіз порттарына таратылды. Хитроу әуежайында және Дувр теңіз портында жолаушыларды тексеру уақыты едәуір ұзартылды.
Полицейлер Ұлыбритания тұрғындарын Халифені іздеуге көмектесуге шақыруда, дегенмен олар бұрынғы әскери қызметкер қоғамға қауіп төндірмейтініне сенімді.
Тергеушілердің мәліметінше, 2019 жылдан 2022 жылға дейін Дэниел Абед Халифе "жауды қызықтыруы мүмкін" барлау ақпаратын жинап, таратқан (соның ішінде теракт ұйымдастыруға қажетті ақпарат), сонымен қатар жарылғыш құрылғылардың үш муляжын жасаған.