Жарылыс салдарынан қаза тапқандар бар.
ERNUR.KZ. Испанияның Мадрид қаласының орталығында жойқын жарылыс болды, деп жазады tengrinews.kz.
Тұрғын үйдің бір бөлігі қирады. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00 шамасында болған. Кейінірек TeleMadrid телеарнасы бірнеше адам қаза тапқанын хабарлады.
"Полициядағы ақпарат көздері жарылыс салдарынан қаза тапқандар барын растайды", - делінген телеарна хабарында.
Толедо көшесіндегі ғимараттардың бірінің төрт қабаты қирады - алдын-ала мәліметтер бойынша, ол қарттар үйінің жанында орналасқан. Төтенше жағдайдың себептері туралы нақты ақпарат жоқ. Алдын ала нұсқасы - газ шығуы, деп жазады Mundo.
Оқиға орнында жедел қызметтер, өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен полиция жұмыс істеп жатыр.