Макрон келесі аптада Киевке баруы мүмкін

0
675

Басылымның дерегі бойынша, қазір Францияда Украинаға Caesar деп аталатын 6 жаңа артиллериялық қаруын беру мәселесі талқылануда.


Макрон келесі аптада Киевке баруы мүмкін

ERNUR.KZ. Франция президенті Эммануэль Макрон келесі аптада Киевке баруы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

Басылымның дерегі бойынша, қазір Францияда Украинаға Caesar деп аталатын 6 жаңа артиллериялық қаруын беру мәселесі талқылануда. Оның нақты қашан жеткізілетінін Макрон Украинаға келген кезде жарияламақ.

Ескере кететін жайт, Франция армиясында мұндай қарудың тек 76 данасы бар.
Бұған дейін Норвегия Украинаға M109 деп аталатын 22 артиллериялық қаруымен қоса оның жабдықтар мен қосалқы бөлшектерін жіберген болатын. Бұл елдің әскерилері украиналық жауынгерлерге жаңа қаруды қалай қолдану керектігін үйреткен.