10-27 қыркүйек аралығында тұрғындарды мақта теруге мәжбүрлегені үшін, бірқатар лауазымды қызметкерлердің жауапқа тартылғанын хабарлаған.
ERNUR.KZ. Өзбекстанның еңбек министрлігі еңбекке мәжбүрлеу бойынша айыппұлды көбейтуді қарастырып жатыр.
«Өзбекстанның Әкімшілік жауапкершілік жөніндегі Кодекстің 51-бабына сәйкес, оқиға бірінші рет болған жағдайда, 25-50 АЕК, ал екінші рет қайталанған жағдайда, 50-100 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қазір аталған бап бойынша 1- 3 АЕК көлемінде ғана айыппұл салынады», – деп атап өткен еңбек министрлігі.
Еңбек министрлігі сонымен бірге мақта теруге адамдарды мәжбүрлеген оқиғалардың куәсі болғандарға +998712000601 телефонына немесе @mehnathuquq_bot телеграмм желісіне хабарлауын сұраған.
Осының алдында бірқатар өзбекстандық БАҚ 10-27 қыркүйек аралығында тұрғындарды мақта теруге мәжбүрлегені үшін, бірқатар лауазымды қызметкерлердің жауапқа тартылғанын хабарлаған. Мұнан бөлек Жастар одағының Әндіжан облысы бойынша белсендісі Н.Мирзакабуловтың мектеп оқушыларын мақта теруге мәжбүрлегені үшін әкімшілік жазаға тартылғаны белгілі болған.
Ресми мәлімет бойынша, аталған еңбек министрлігі ұсынған телефонға 410 өтініш түскен. Олардың 228-сі қаралған. 26 оқиға расталған. 202 жағдай расталмаған.
дереккөз:centralasian.org