Мамандар телефонды қай жерде зарядтауға болмайтынын айтты

0
987

Зарядталып тұрған телефонға арнайы код жіберуге болады. Кейін сол код арқылы телефонды басқа біреу басқара алады.


Мамандар телефонды қай жерде зарядтауға болмайтынын айтты

ERNUR.KZ. Соңғы кезде қоғамдық жерлерде телефонды зарядтауға арналған орындар көбейіп келеді. Алайда мамандар мұндай USB-ді қолдану қауіпті болуы мүмкін екенін айтып отыр. Олар арқылы телефонның ішіндегі мәліметтерді алып, вирустық бағдарламалар жүктеуге болады, деп жазады sputniknews.kz.

Group-IB компаниясының компьютерлік криминалистика зертханасы жетекшісінің орынбасары Сергей Никитин стандартты USB кабельде төрт сым болатынын айтты. Екеуі мәлімет алмасу, біреуі тоқ беру ("фазасы" әдетте 5 вольт), соңғысы — "нөл".

"Кез келген гаджетті USB арқылы зарядтау үшін "нөл" және 5 вольттік сымдар жеткілікті. Ал мәлімет алмасуға арналған сым қолданылмауы керек. Өйткені оның көмегімен зарядтау құрылғысына шағын компьютер қосуға болады. Яғни сіз телефонды зарядтауға қойғанда, ол өзге құрылғыға қосылып кетуі мүмкін", - деп ескертті маман.

Осылайша алаяқтар зарядталып тұрған телефонды шағын компьютер арқылы басқарып, телефонға арнайы код жібере алады. Сол код арқылы телефонды басқарады.