Тынық мұхитының 11 шақырым тереңдігінен пластик қалдықтары табылды
ERNUR.KZ. Америкалық ғалым Виктор Весково батискафпен Тынық мұхитының 11 шақырым тереңдігіне түсіп, Мариан шұңғымасына дейін жеткен, деп жазады 24.kz.
Зерттеу жұмыстары 4 сағатқа дейін жалғасты. Ол онда 4 түрлі теңіз жануарын кездестірді. Айтуынша, әсіресе теңіздегі 8 шақырым тереңдікте жүрген қызғылт ұлу мен қасықша тәрізді құрт таң қалдырған. «Ал Мариан шұңғымасында пластик қалдықтарының табылуы тіпті күтпеген жағдай болды», – дейді ғалым.