Марс бір жарым сағатқа "жоғалып кетеді"

0
1 295

Биыл мұндай құбылыс 5 рет тіркеледі деп күтілуде.


Марс бір жарым сағатқа

ERNUR.KZ. Бүгін Солтүстік Америка тұрғындары ерекше астрономиялық құбылыстың куәгері бола алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Марс шамамен бір жарым сағатқа «жоғалып кетеді». Мамандардың түсіндіруінше, осы уақыт бойы қызыл ғаламшар Айдың артынан көрінбей тұрады екен. Негізі, биыл мұндай құбылыс 5 рет тіркеледі деп күтілуде. Алайда тұрғындар тек осы бүгінгі көріністі ғана тамашалай алады екен. Мамандардың айтуынша, ол үшін ең бастысы күн ашық болуы керек. Канаданың Торонто қаласындағы Йорк университетінде телескоп орнатылып, ерекше астрономиялық құбылыстың трансляциясы жүргізілетін болады.

– Марс пен Ай бір-біріне жақындап, қозғала бастайды. Ақырында Ай Марсты жауып қалады. Бұл құбылысты Канададан бақылауға болады. Ең бастысы, күн райы қолайлы болуы керек, - дейді Йорк университетінің физика және астрономия профессоры Элайна Хайд.