Ашулы күйеуінен қашып құтылу үшін үш жасар қызын алып, терезеден шықпақ болған
ERNUR.KZ. Ресейде 25 жастағы әйел ашулы күйеуінен қашып құтылу үшін үш жасар қызын алып, терезеден шықпақ болған. Ол төсек жаймаларын бір-біріне жақсылап байлағанымен, ауыр салмақты көтере алмай үзіліп кетеді. Абырой болғанда, әйел қызын құшақтай құлап, оған ешқандай зардап тигізбеген, деп жазады nur.kz.
Екатеринаның күйеуі оны кішкентай қызы Алинамен қоса сабап келген екен. Әбден масайған азамат ашуға мініп, оларды өлтіремін деп қорқытқан.
Өзін және қызын құтқармақ болған әйел бөлменің есігін құлттап, барлық жаймаларды бір-біріне байлап, терезеден тастаған. Олар үшінші қабатқа дейін жоспар бойынша, бірқалыпты түседі.
Алайда жіп үзіліп кеткен соң, қамқор ана қызын құшақтап, бар ауыртпалықты өзіне алған.
Қазір Алина мен Екатерина ауруханада жатыр. Әйелдің жарақаттары ауыр болғандықтан, ол жансақтау бөлімінен әлі шықпапты. Ал Алинаға аса ауыр зардап келмеген дейді мамандар.