Мәскеуде гүл қоймасындағы өрттен қаза болған 7-ші адамның мәйіті табылды

0
461

Жексенбі күндіз Комсомольский алаңында гүл қоймасында өрт шықты. Оның аумағы 2,5 мың шаршы метр.


Мәскеуде гүл қоймасындағы өрттен қаза болған 7-ші адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Ресей астанасы Мәскеу орталығында гүл қоймасы өртеніп, жеті адам мерт болды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Үйінді арасынан жетінші адамның мәйіті табылды», - деді агенттік дереккөзі.

Бұған дейін алты адамның қаза тауып, бір адамның зардап шеккені хабарланған болатын.

Жексенбі күндіз Комсомольский алаңында гүл қоймасында өрт шықты. Оның аумағы 2,5 мың шаршы метр.

Ғимарат қабаттары арасында 500 шаршы метр аумақ опырылып түскен. Өрт шыққаннан кейін 9 сағат өткен соң сөндірілді. Тергеу комитеті өрттің тауарды дұрыс сақтамағаннан, өрт қауіпсіздігі ережесі бұзылғаннан шыққанын мәлім етті. Жедел қызмет электр жылыту аспабының істен шығуы және электр желісінің апаттық жұмыс режимі өрттың шығуына ықпал еткенін хабарлады.