Билік сол адамдарды COVID-19-ға қарсы тағы бір рет вакцинация жасауға шақырды.
ERNUR.KZ. Антиваксер неміс медбикесі 8 600 адамға COVID-19 вакцинасының орнына тұзды инъекция салған, деп жазады Stan.kz.
Полиция тергеуінше, медбике көктемде Германияның солтүстігінде мыңдаған егде жастағы пациенттерге коронавирусқа қарсы вакцинаны тұзды ерітіндімен алмастырғанын анықтады.
Жергілікті билік сол адамдарды COVID-19-ға қарсы тағы бір рет вакцинация жасауға шақырды.
Полиция мәліметінше, белгісіз біреу әлеуметтік желілердегі хабарламаларда вакциналарға күмәнмен қарағанын анықтағанымен, бірақ олардың себептері түсініксіз болған.
Жергілікті билік зардап шеккен 8600-ге жуық тұрғынға қайта екпе жасату туралы қоңырау шалғананн кейін желіде түрлі сөздер жазылды.
“Мен мұндай жағдайдан қатты абдырап тұрмын", - деді жергілікті кеңес мүшесі Свен Амбросио Facebook-те.
Тұзды ерітінді зиянсыз болса да, Германияда наурыз және сәуір айларында вакцинацияланған адамдардың көпшілігі өлімге әкелетін вирустық ауруды жұқтыру қаупі жоғары қарт адамдар болып табылады.