​Мексика президентінің қанша айлық алатыны белгілі болды

0
1 107

Мексика президенті қызметіне кіріскенде қанша көлемде жалақы алатынын жариялады


​Мексика президентінің қанша айлық алатыны белгілі болды

Андрес Мануэль Лопес Обрадор Мексика президенті қызметіне кіріскенде қанша көлемде жалақы алатынын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Оған айына 108 мың песо, яғни 5 мың 500 доллар төленеді екен. Бұл сома қазіргі мемлекет басшысы Энрике Пенья-Ньето алатын айлықтан 40 пайызға кем.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Обрадор бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында өзінің еңбекақысын азайтуға уәде берген еді. Сонымен қатар ол шенеуніктердің жалақыларын қысқартатын да тілге тиек етті.

Енді елдегі ешбір мемлекеттік қызметкердің айлығы президенттікінен жоғары болмайды. Обрадор қызметіне 1 желтоқсанда кіріседі.