Ата-анасы мен балалармен байланыста болған медициналық қызметкерлер оқшауланған.
ERNUR.KZ. Мексикада дүниеге келген үшемнен коронавирус табылды, деп хабарлайды Хабар24.
Сан-Луис-Потоси штатында 17 маусым күні үшем (екі ұл мен қыз) дүниеге келді. Ережеге сәйкес жаңа туған нәрестелерден COVID-19 сынамасы алынды. Нәтижесінде үш баланың да коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
Елдегі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мигель Анхельдің айтуынша, бұл – әлемде бұрын-соңды болмаған жағдай. Ал балалардың ата-анасында коронавирустық инфекцияның белгілері болмаған.
Қазіргі уақытта екі баланың жағдайы тұрақты, оларда COVID-19 белгілері жоқ. Бір нәрестеде індеттің белгілері байқалады.
Ата-анасы мен балалармен байланыста болған медициналық қызметкерлер оқшауланып, COVID-19-ды анықтауға арналған тест тапсырды.